2023 жылы жалақы қаншалықты көтеріледі?

2897

Биыл жалақы көтерілгеннен кейін дәрігерлер орта есеппен 500 мың теңгеден астам қаражат алады, ал ұстаздар жалақысы екі есе өспек.  

2023 жылы жалақы қаншалықты көтеріледі? Фото: halyq-uni.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Еңбек кодексі бойынша жұмыс берушілер ЕТЖ-дан төмен емес деңгейде жалақыны қамтамасыз етуге міндетті екенін ескерсек, барлық салаларда, әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін шамамен 1,8 млн жалдамалы қызметкердің ақшалай кіріс өседі, деп хабарлады Inbusiness.kz Премьер-Министр сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президенттің тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждер педагогтарының, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25%-ға артады.

Педагогтердің жалақысы 2020 жылғы қаңтардан бастап жыл сайын 25%-ға, 2022 жылғы қаңтарда тағы 25%-ға өсті. Осылайша, мұғалімдердің жалақысы екі есе ұлғайған.

"Сонымен қатар, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. Бұл біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейін), магистр дәрежесі үшін, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар", - деді ҚР АМ қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.

Педагогтердің жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігінің болуына, жұмыс өтіліне, магистр дәрежесінің болуы мен басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептеледі.

Осы жылы дәрігерлердің орташа жалақысын – 30%-ға, 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлеріне - 20%-ға, 250 мың теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Ал 1 қыркүйектен бастап ЖОО оқушыларының стипендиялары 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиялары - 15%-ға көтеріледі.

ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысы 2023 жылы орта есеппен 60%-ға артады. Сондай-ақ, ҚР Қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысын 20%-ға арттыру күтілуде. Үкімет 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ӘК және Ұлттық Ұланның ұшу құрамының лауазымдық жалақысын көтеруді, әскери медицина қызметкерлерінің ақшалай үлесін азаматтық медициналық мекемелердегі медицина қызметкерлерінің жалақы деңгейіне жеткізуді, жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын азаматтық ЖОО деңгейіне дейін көтеруді мақұлдады.

Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы 10-70%-ға артады. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ең төменгі жалақысы 2023 жылдан бастап шамамен 180 мың теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу