Үкімет отырысы барысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов хабарлағандай, 2024 жылдан бастап үшінші сыныптан бастап балаларға ағылшын тілін оқыту жүктемесі артады, деп жазады inbusiness.kz.
"2024 жылдан бастап халықаралық тәжірибеге сәйкес 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарының санын арттыру және қазақ және орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады", – деді Аймағамбетов.
Сонымен қатар ол Президент жаратылыстану-математикалық цикл пәндері мен тілдік пәндерге басымдық беруді тапсырғанын еске салды. Осыған байланысты математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттары артады, оқу бағдарламалары жаңартылады.