2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кезең-кезеңімен енгізілетін болады

367

Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады. 

2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кезең-кезеңімен енгізілетін болады Фото: gov.kz

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024 жыл мен 2028 жыл аралығында кезең-кезеңімен 1,5% - дан 5% - ға дейін жұмыскерлерінің пайдасына аудару жоспарлануда. Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етілетін болады.

Бұл шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады.

Осылайша, әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен ортақ жауапкершілігі болады.

Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің ЖМЗЖ төлеу бойынша шығыстары тиімді деңгейде қалатынын атап өту қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу