2024 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі 1,6 трлн теңгені құрады

261

Бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өсімнің арқасында мүмкін болды. 

2024 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі 1,6 трлн теңгені құрады Фото: Интернет-портал СНГ

Негізгі көрсеткіштерге ет өндірісінің 4,1%-ға, сүт өндірісінің 4,8%-ға және тауық жұмыртқасының 0,3%-ға артуы жатады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта ірімшік пен сүзбе өндірісі – 16,8%-ға, өңделген күріш – 11%-ға, өсімдік майы – 9,3%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 5,6%-ға өсті.

 Өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 72 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артық. Ерте пісетін көкөніс пен дәнді дақылдар өсімге негізгі үлес қосты.

Түркістан, Қостанай және басқа да 5 облыс өсу қарқыны жоғары негізгі өңірлерге айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу