Қазақстанда өткен жылы 12 айда балалар үйіне түскен балалар саны 8,5%-ке өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылы балалар үйіне 4 жасқа дейінгі 1,3 мыңға жуық сәби жіберілді. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш.
Бұл – бөбектер үйіндегі балалар саны, мұнда 3-4 жасқа дейін немесе асырап алғанға дейін тұрады.
Жыл соңында балалардың саны шамалы өзгереді. Ұлттық статистика бюросының "Талдау" ақпараттық-талдау жүйесінің деректеріне сүйенсек, 2022 жылы осындай 701 бала, өткен жылы – 711 бала болған. Жалпы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлық жастағы кішкентай қазақстандықтардың саны соңғы бірнеше жылда 11,8%-ке қысқарды.
2024 жылдың басында білім министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша елде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21,4 мың бала бар, ал 2019 жылы олардың саны 24,2 мың болған.