2024 жылдың соңына дейін Алматыда су басу мәселесін шешу жоспарлануда

455

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

2024 жылдың соңына дейін Алматыда су басу мәселесін шешу жоспарлануда Фото: Алматы қаласының әкімдігі

2022 жылы зерттеу жүргізіліп, тұрақты су басудың 102 сыни учаскесі анықталды. Оның ішінде 2022 жылы 46 су басу учаскесі, биыл қалған 56 учаске жойылды.

Биыл қосымша 33 учаске анықталды. Олар арық желілерін дамыту аясында жойылуда. 60 жылда алғаш рет алматылықтар арасында танымал Әуежай көлінің түбін механикалық тазарту басталды. 19 коллектор мен 9 канал салынып, қалпына келтірілді. 3 өзен арнасының жағалау сызығы нығайтылды.

Жыл басынан бері 103,5 шақырым арық желісі салынып, қайта жаңартылды. 2024 жылдың соңына дейін арық жүйесін қалпына келтіру мен оны дамыту — су басу мен суаруды қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу