2024 жылға қарай әлемдегі ірі компаниялардың 28%-ы төлемдер, қаражатты сақтау немесе несие беру үшін криптовалюталарды пайдалана бастайды. Gartner аналитикалық компаниясы осындай болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.
Мұндай болжам цифрлық валюталарды пайдалану мүмкіндіктерін талдайтын компаниялардың қаржы директорлары үшін маңызды.
"Қарапайым төлем платформаларында криптовалюталарды кеңінен қолдану және орталық банктердің цифрлық валюталарының көбеюі көптеген ірі компанияларды алдағы жылдары айналымға енгізуге итермелейді", – дейді Gartner өкілі Авива Литан.
Оның айтуынша, бұл ұйымдар криптовалюталарды төлем жүргізу, капиталды үнемдеу және жоғары табысты инвестицияларды тарту үшін пайдалана бастайды.
Табиғат Нұрболат