2024 жылғы "Алтын глобус" номинанттары анықталды

228

"Алтын глобус" 2024 жылдың 7 қаңтарында Лос-Анжелесте табысталады.

2024 жылғы "Алтын глобус" номинанттары анықталды Фото: Filmix

2024 жылғы "Алтын глобус" премиясында өтіп бара жатқан жылдың екі хиті — "Барби" мен "Оппенгеймер" ең көп номинациға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, үміткерлер қатарындағы Мартин Скорсезенің Killers of the Flower Moon және Йоргос Лантимостың Poor Things қара комедиясы жеті номинациядан жеңіп алды.

Негізгі актерлік номинациялар Эмма Стоун, Леонарда Ди Каприо, Киллиан Мерфи мен Давайн Джой Рэндольфке бұйырды.

"Алтын глобус" 2024 жылдың 7 қаңтарында Лос-Анжелесте табысталады.

Ең көп номинациясы бар фильмдер тізімі:

"Барби" (Barbie) — 9 номинация
"Оппенгеймер" (Oppenheimer) — 8
"Гүл айын өлтірушілер" (Killers of the Flower Moon) — 7
"Бейшара мүсәпірлер" (Poor Things) — 7
"Өткен өмірлер" (Past Lives) — 5 
"Мамыр, желтоқсан" (May December) — 4
"Құлау анатомиясы" (Anatomy of a Fall) — 4
"Маэстро" (Maestro) — 4

Телевидение саласында тоғыз номинациямен "Мұрагерлер" (Succession) сериалы көш бастап тұр, оның ішінде үздік драмалық сериал бойынша марапат бар.

Номинанттар тізіміне қосылған басқа телебағдарламалар: "Бір ғимараттағы кісі өлімі" (Only Murders in the Building), "Дипломат" (The Diplomat), "Таңғы шоу" (The Morning Show) и "Корона" (The Crown).

Ағылшын тілінде түсірілмеген ленталардың ішінде оңтүстіккореялық "Өткен өмірлер" фильмі ең коп номинация (бес) иеленді.

"Барбидің" тоғыз номинациясы: актриса Марго Робии — мюзикл немесе комедиядағы ең үздік әйел рөлі, Райан Гослинг — екінші санаттағы ең үздік актерлік ойын және Грета Гервиг — үздік режиссура.

Пластик қуыршақтардың мәңгілік бренді туралы феминистік сатиралық лента үздік бірегей ән бойынша үш номинация алды: Дуа Липаның Dance The Night, Райан Гослингтің I’m Just Ken және Билли Айлиштің What Was I Made For? фильмі.

2024 жылы қосылған тағы бір санат — стендап-комедиядағы үздік қойылым. Номинанттар қатарында Рикки Джервейс, Тревор Ноа мен Эми Шумер бар.

Дистрибьютерлер ішінде Netflix стриминг платформасы көш бастап тұр: фильм үшін — 13 және телесериал үшін — 15 номинация.

Ең көп телевизиялық номинация HBO l Max-қа (17) тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу