2024 жылғы Олимпиадаға арналған Ұлттық құраманың киімін отандық дизайнерлер тігеді

410

Үздік дизайнға байқау 14 маусымда жарияланды. 

2024 жылғы Олимпиадаға арналған Ұлттық құраманың киімін отандық дизайнерлер тігеді Фото: Известия

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының формасын отандық дизайнерлер әзірлеп, тігетінін айтты.

Бейжіңдегі қысқы ойындарға арналған киім үлгісін ресейлік өндіруші таныстырған еді. Биыл қазақстандық дизайнерлер болады. Олардың арасында үздік тұжырымдамаға байқау өткізіледі.

"Неге үздік киім үлгісі байқауын Қазақстан дизайнерлері арасында ұйымдастырмасқа? Осының барлығын "шығармашылық" аясында жасау өте қызық емес пе? Сондықтан біз қазір қосымшаны, конкурстың шарттарын әзірлеп жатырмыз. Біз қысқы Олимпиада формасын ұсынғанда ол үздік деп танылды. Дәл соны қайталай аламыз, тіпті одан да асып түсеміз деп ойлаймын", - Айгүл Бектенова.

Айтпақшы, қазақстандық брейк-дансшылар мен скейтбордшыларға басқа форма тігіледі. Өйткені бұл спорт түрлері субмәдениеттен шыққан және өзіне тән ерекшеліктері бар. Комитет бұл спорт түрлері өкілдерінің тілектерін ескеруге уәде берді.

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Франция астанасының басты көрікті жері Эйфель мұнарасына Олимпиада алауын орнатуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу