2024 жылы 655 медициналық нысан пайдалануға беріледі

512

Оның алғашқы 99-ы 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.  

2024 жылы 655 медициналық нысан пайдалануға беріледі Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы бекітілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық жоба аясында 2023-2024 жылдары 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) нысанын салу жоспарланып отыр. Оның ішінде, 257 медициналық пункт, 238 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория бар.

"Бүгінгі таңда 99 МСАК нысанының құрылысы жүріп жатыр, барлығы биыл тапсырылмақ. 2024-2025 жылдары инсульт және кардиология орталықтары, травматологиялық және ортопедиялық бөлімшелері бар, сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған 32 көпсалалы орталық аудандық аурухана жаңғыртылатын болады", деп жазылған ақпаратта.

Кадрлық қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдар аралығында еліміздің медициналық колледждері мен жоғары оқу орындарында 14 000-нан астам медбике, 10 000 фельдшер, 957 акушер және 7 000 жалпы практика дәрігерін даярлау жоспарланып отыр.

Көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін жалпы сомасы 46 млрд теңгеге 965 медициналық техника сатып алу жоспарланған. Олардың қатарында компьютерлік томография аппараттарынан бастап өкпені жасанды желдету аппараттарына дейін түрлі жабдықтар болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу