2024 жылы Алматыдағы Инновациялық технологиялар паркінде бес жаңа кәсіпорын іске қосылады

2025 жылы арнайы экономикалық аймақта тағы төрт кәсіпорын ашылады. 

2024 жылы Алматыдағы Инновациялық технологиялар паркінде бес жаңа кәсіпорын іске қосылады Фото: Forbes.kz

Келесі жылы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 12,2 млрд теңге болатын инвестицияны тарта отырып, 311 жұмыс орны болатын бес жобаны іске қосу жоспарлануда.

Телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін зауыт 800 млн теңгеге инвестицияланады, жылына 1 млн бірлік өнім шығарады және 120 жұмыс орны құрылады.

Келесісі құны 1,7 млрд теңге, қуаты жылына 500 мың бірлік, 45 жұмыс орны болатын иммунолюминесцентті тест-жүйелер өндіретін қоймалары бар кешен.

Үшіншісі құны 1,5 млрд теңге, қуаты жылына 50 мың бірлік, 40 жұмыс орны ашылатын медициналық техника өндіретін зауыт.

Тағы бір жоба құны 1,5 млрд теңге, қуаты жылына 50 мың бірлік, 50 жұмыс орны болатын медициналық жабдықтар шығаратын зауыт.

Соңғысы құрал-саймандар, аппараттар мен жабдықтар шығаратын зауыт. 

2025 жылы арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 11,6 млрд теңге болатын және 417 жұмыс орны ашылатын картридждер, медициналық жабдықтар, медициналық және фармацевтикалық бұйымдар ("А-Медикал" ЖШС, "Juldyz Kenan Co. LTD ЖШС", "Вива Фарм" ЖШС, "Doc Co. Ltd" ЖШС) шығаратын төрт жобаны іске қосу күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу