Тоқаев АӨСШК елдерінің еріктілер қозғалысы лидерлерінің слетін өткізуді ұсынды

456

Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Елордада АӨСШК елдеріндегі еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетін өткізуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Тоқаев АӨСШК елдерінің еріктілер қозғалысы лидерлерінің слетін өткізуді ұсынды

"Экономикалық шараларды адами өлшемге, адам ресурстарын үнемдеуге және дамытуға бағытталған жағдайда ғана тиімді деп санауға болады. Осыған байланысты 2024 жылы Астанада Жастар кеңесінің қолдауымен АӨСШК елдеріндегі еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетін өткізуді ұсынамын. АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру үлкен перспективаларға жол ашпақ. Осы желі арқылы IT, нанотехнология және жаңартылатын энергия көздеріндегі әзірлемелермен алмасуға болады", – деді Мемлекет басшысы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу