2024 жылы елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мен Қазақстан сияқты мықты бокс шеберлері бар елде IBA ірі турнирінің өтетініне қуаныштымын. Бұл жарыс 2016 жылы Астанада өткен", - деді IBA президенті Умар Кремлев.
Сондай-ақ, ол жарыстың жүлде қоры 2 есе өскенін хабарлады.
"Бірінші орын иегеріне 200 мың доллар береміз. Жалпы, жүлде қоры – 4,8 млн доллар. Бұл сомаға ұлттық құраманың бас жаттықтырушысына тиесілі 10% кіреді. Мен чемпионатты асыға күтемін. Келесі жылы боксшыларды Астанада қарсы аламызә, - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу