Келер жылы мамырда елордада тазылардың халықаралық көрмесі ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Қазақстан кинология одағының президенті Бауыржан Серікқали мәлімдеді.
"Биыл тамызда Қазақстан кинология одағы халықаралық кинология федерциясының толық мүше атанды. Енді біздің тазылар мен төбеттерді халықаралық деңгейге танытуға құқығымыз бар. Келесі жылы мамырда біз тазылардың көрмесін өткіземіз, ол үшін халықаралық комиссия тазылармен танысты. Тазылардың жағдайын, санын қарап өз қорытындыларын шығарды", - деді Бауыржан Серікқали елордада өткен тазы, төбеттерді дамытуға үлес қосқан азаматтарды Президент атынан алғыс жариялау іс-шарасы барысында.
Оның айтуынша, елімізде төбеттердің жағдайы төмендеу.
"Неге десеңіз, алдымен олардың нақты саны белгісіз, оларға арналған стандарт жоқтың қасы, бар бірақ ескі. Нақты стандарт бекітілген кейін, біз оларды санап, оларға құжат береміз. Аталған жұмыстардан кейін біз төбетті халықаралық деңгейде мойындату бойынша халықаралық кинологтар федервциясына өтініш бере аламыз", - дейді ол.