Бюро дерегінше, 2014 жылдан бері рейтингте Әлихан есімі көш бастап келе жатты. Бірақ 2024 жылы бірінші орынға Мұхаммед есімі жайғасты.
Сондай-ақ жылда ТОП-10 есімнің қатарында болатын Нұрислам есімі ондықтан шығып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2024 жылы ер балаларға ең жиі қойылған 10 есім:
- Мұхаммед (3633 адам);
- Айсұлтан (2862);
- Әлихан (2719);
- Мұхаммед (2712);
- Омар (2484);
- Алдияр (2295);
- Әмір (2266);
- Алан (2259);
- Али (1912);
- Хамза (1857).
Ең жиі қойылатын қыздар есімдері рейтингісіндегі бірінші орында Айлин есімі қалды. Сонымен қатар ондыққа Мариям есімі кіріп, Амина есімі ТОП-10-нан шығып қалды.
2024 жылы қыздарға ең жиі қойылған 10 есім:
- Айлин (5578 адам);
- Медина (5417);
- Асылым (5020);
- Айша (4493);
- Томирис (3369);
- Аяла (2986);
- Айым (2875);
- Мариям (2794);
- Раяна (2782);
- София (2775).
Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері бойынша, 1 желтоқсанда Қазақстанда 20 265 320 адам тұрды. 2024 жылдың басымен салыстырғанда қазақстандықтар 231 478 адамға артты. Табиғи өсім 217 133 адамды, көші-қон сальдосы 14 345 адамды құрады.