2024 жылы Батыс Қазақстан облысында "Жайық орманы" резерватын құру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Комитеттің ақпаратына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар республика жерінің 10 пайыз аумағын алып жатыр. Олардың жалпы ауданы – 29,3 млн га.
"Елімізде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 14 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 7 мемлекеттік табиғи резерват бар. Соңғы бес жылда 5 табиғат қорғау мекемесі құрылған. Келесі жылы Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мақсатында БҚО-да "Жайық орманы" мемлекеттік табиғи резерватын құру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу