2024 жылы Қазақстанда қанша бала дүниеге келді?

241

2024 жылы Қазақстанда 365,9 мың сәби дүниеге келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (388,4 мың) төмен көрсеткіш. 

2024 жылы Қазақстанда қанша бала дүниеге келді? Фото: gov.kz

Жаңа туған сәбилердің 51,6%-ы ұл, 48,4%-ы қыз болды. Жалпы, 219,1 мың бала (59,9%) қалалық жерлерде, ал 146,7 мың сәби (40,1%) ауылдық жерлерде өмірге келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы туу коэффициенті 2024 жылы 1000 адамға шаққанда 18,15-ті құрады, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 19,52 болған. Ең жоғары туу деңгейі Түркістан (24,88), Маңғыстау (24,29) облыстарында және Шымкент қаласында (23,58) тіркелді.

Сәбилердің ең көп бөлігін – 27,5%-ын 25-29 жас аралығындағы әйелдер дүниеге әкелсе, 30-34 жас аралығындағы аналардың үлесі – 26,2%. Сонымен қатар, 20 жасқа дейінгі қыздар 11,9 мың бала туған, ал 50 жастан асқан әйелдер 100 сәбиді дүниеге әкелген. 2024 жылы аналардың орташа жасы 29,8 жас болды.

2024 жылы дүниеге келген балалардың 23%-ы (84,2 мың) отбасындағы тұңғыш бала болды. Төртінші болып туған сәбилердің саны 60 мыңнан асып, барлық жаңа туған нәрестелердің 16,4%-ын құрады. Сонымен қатар, ел бойынша 3 721 егіз және 46 үшем өмірге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу