2024 жылы Қазақстанда педагог тапшылығы болуы мүмкін

591

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты.

2024 жылы Қазақстанда педагог тапшылығы болуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Елімізде педагогтерге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл мұғалімдерге деген қажеттілік 3 мыңнан астам адамды құрайды. Министрлік кадр тапшылығы мәселесін жан-жақты зерделеді. Алдағы 4 жылда бітіріп шығатын түлектермен педагогтерге деген сұранысты қамтамасыз етеміз деген болжам бар. Тек келесі жылы ғана педагог тапшылығы туындауы мүмкін. Бірақ біз оны биылғы бітіруші түлектердің және магистратура түлектерінің есебінен қамтамасыз етеміз. Осылайша педагогикалық кадрлардың қажеттілігін толығымен жабатын боламыз", - деді министр.

Саясат Нұрбек, педагогикалық бағыттарға гранттар саны 15 923 дейін жеткенін, ал студенттердің шәкіртақысы шамамен 3 есеге артқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу