2024 жылы қажылыққа бару үшін 20 желтоқсанға дейін тіркелу қажет

511

Қажыларды Сауд Арабиясына 17 туристік компания ғана апарады.

2024 жылы қажылыққа бару үшін 20 желтоқсанға дейін тіркелу қажет Фото: Риа Новости

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі қажылыққа баруға ниетті ел азаматтарын 20 желтоқсанға дейін тіркеліп үлгеру керектігін еске салды. Өйткені, жаңа талап бойынша, қажылық орындары аталған мерзімге дейін тіркеліп үлгерген елдерге ғана беріледі.

Яғни, 20 желтоқсанға дейін қажылықтың электронды жүйесіне тіркеліп, сол жүйеден алынатын қызмет түрлеріне (қонақ үй, Мина мен Арафат қызметтері) қаражатын төлеген кісі санының көлеміне сай, Қазақстан азаматтары үшін қажылық орындарының саны анықталады. 

2024 жылы қазақстандықтарды қажылыққа конкурстан өткен 17 туристік оператор апарады. Олар: "Хикмет Тревел" ЖШС, "Атлас Туризм" ЖШС, "Қызмет Саяхат" ЖШС, Tawaf Travel ЖШС, "Хидаят-Нур" ЖШС, "Нұр-Қазақстан" ЖШС, Nurkhan travel ЖШС, "Сембекова и К" ТС, Sanabl kz ЖШС, Mina travel ЖШС, "Ал-Маруа" ЖШС, "Ордабасы – НЖ" ЖШС, Robinzon kz ЖШС, Delta Tour ЖШС, "Иман Travel Тур" ЖШС, Dostik travel ЖШС, Qazaq Sapar ЖШС. 

Аталған туристік компаниялар қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мәдинаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу