2024 жылы Қытай Еуропаға 19 мың жүк пойызын жөнелтті

279

Бұл туралы "Қытай теміржолдары" мемлекеттік компаниясы хабарлады.

2024 жылы Қытай Еуропаға 19 мың жүк пойызын жөнелтті Фото: bloomberg.com

2024 жылы Қытай-Еуропа теміржол бағыттары бойынша қатынаған жүк пойыздары шамамен 2,07 млн контейнер жүк тасымалдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

− 2030 жылға қарай Қытайда пайдалануға берілген жоғары жылдамдықты теміржолдардың жалпы ұзындығы қазіргі 48 мың шақырымнан 60 мың шақырымға жетеді деп жоспарлануда, − деп жазды Xinhua агенттігі "Қытай теміржолдарына" сілтеме жасап.

2024 жылдың соңында Қытайдағы теміржолдардың ұзындығы 162 мың шақырымды құрады, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 180 мың шақырымға жетеді деп күтіліп отыр. 

Компанияның мәліметінше, 2025 жылы теміржол секторындағы негізгі қорларға салынатын инвестициялар 590 млрд юань (шамамен 82,08 млрд АҚШ доллары) болады деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу