2024 жылы республикалық бюджеттің кірісі 16,1 трлн теңгені құрайды

Бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімге қатысты 11,9 пайыз деңгейінде. 

2024 жылы республикалық бюджеттің кірісі 16,1 трлн теңгені құрайды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Сенат отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Парламент депутаттарының бастамалары Үкіметпен қабылданып жатқан республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс базасын толықтыру бойынша шаралар есебінен іске асырылатын болады. Бұл ретте, республикалық бюджеттің кірістері 2024 жылы болжам бойынша 16,1 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге қатысты 11,9 пайыз деңгейінде құрайды. 2024 жылдың бағалауымен салыстырғанда өсім 2,7 трлн теңгеге артық. Жоспарлы кезеңде олардың 2026 жылға қарай 18,4 трлн теңгеге дейін немесе 14,1 пайызға өсуі күтілуде", – деді министр.

Бюджет кірістерінің негізгі өсімі экономиканың даму қарқынын ұлғайту және салықтық әкімшілендіруді жақсарту, сондай-ақ, көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің теңгерімін кірістер базасы есебінен қамтамасыз ету үлесі 2022 жылғы 62,4 пайыздан 2024 жылы 70,3 пайызға дейін және одан әрі 2026 жылы 76,3 пайызға дейін өседі.

"Бюджеттің кіріс бөлігіндегі кепілдендірілген және нысаналы трансферттердің көлемі Ұлттық қордың жинақ функциясын қамтамасыз ету жөніндегі Бюджет Кодексінің ережелерін ескере отырып айқындалған", – деп атап өтті ведомство басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу