2024 жылы ШОБ-ты қолдауға 726 млрд теңге бөлінеді

Алматы бюджеті айтарлықтай өсті.

2024 жылы ШОБ-ты қолдауға 726 млрд теңге бөлінеді Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке түсімдер 4,9 трлн теңгені құрады, өсім 34,5%, оның ішінде республикалық бюджетке түскені 35,4% - ға және жергілікті бюджетке түскені 32% - ға өсті. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді. 

"8 желтоқсанда Мәслихат Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекітті, ол Мемлекет басшысының қаланы орта мерзімді дамытудың негізгі бағыттары бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Алматының 2024 жылға арналған бюджеті 1 трлн 624 млрд теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 51,8%-ға немесе 553,4 млрд теңгеге арты", - деп атап өтті әкім. 

Бұл ретте, шағын бизнесті қаржыландыру 26%-ға, яғни 726 млрд теңгеге дейін ұлғайта отырып, әлеуметтік бағдарлану сақталады. Бұл бюджет шығыстарының шамамен 45%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу