Ең көп бұзушылықтар Алматы, Шымкент, Ақмола және Қызылорда жол бөлімшелерінің аймақтарында тіркелді. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Азаматтардың жарақаттануын болдырмау үшін ҚТЖ-дағы магистраль объектілерінде тұрақты негізде ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жүргізіледі. Адамдардың жолға рұқсатсыз шығуына тосқауыл қою үшін станцияларда шамамен 300 шақырым қоршау орнатылды. 2024 жылдың соңына дейін Астана – Ақтөбе, Астана – Атырау, Астана – Защита, Алматы – Маңғышлақ, Алматы – Жезқазған, Астана – Орал учаскелерінде темір жол бойында 100 шақырымнан астам қоршау орнату жоспарлануда", – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Жаңаарқа (Қарағанды обл.), Жіңішке (Ақтөбе обл.), Достық (Алматы обл.) станцияларында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу көзделген.