2024 жылы зейнетақының орташа мөлшері 130 мың теңгені құрайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі базалық зейнетақы төлеуді алып тастау туралы ақпараттарға қатысты түсініктеме берді. 

2024 жылы зейнетақының орташа мөлшері 130 мың теңгені құрайды Фото: Inbusiness.kz

Бұл тұста министр оның мөлшері артатынын кесіп айтты.

"Базалық зейнетақы төлемі, керісінше, артады. Мәселен, биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін белгіленді. Келесі жылдан бастап біз осы ең төменгі шекті 5%-ға арттырамыз, индекстеу 7%-ды құрайтын инфляция деңгейін ескеріп бекітіледі", – деді министр.

Еске сала кетсек, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Осылайша, индекстеу 9%-ды құрайды.

"Зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болады", – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу