New York Post газетінің хабарлауынша, 2025 жылдан кейін дүниеге келген балалар "Бета буыны" деп аталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
1981–1996 жылдары өмірге келгендер Y буыны немесе миллениалдар болды. Одан кейін Z пен Alpha ұрпағы өмірге келді.
Демограф Марк Маккриндлдің сөзінше, 2035 жылға қарай әлем халқының 16%-ын "Бета буыны" құрайтын болады. Олар жасанды интеллект басқаратын шындықта өмір сүре бастайды.
"Бета буыны" жасанды интеллект пен автоматтандыру күнделікті өмірге, атап айтқанда білім мен жұмыс орындарынан бастап денсаулық пен ойын-сауыққа дейін толық біріктірілген заманда өмір сүретін болады", – деді сарапшы.
Бұдан басқа жаңа буын ұрпағының күрделі әлеуметтік мәселелермен, климаттың өзгеруімен, халықтың жаһандық көші-қонымен және қарқынды урбанизациямен күресетіні айтылған.