2025 жылдан бастап аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді

624

Заңға енгізілген өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  

 2025 жылдан бастап аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді Фото: egemen.kz

2025 жылдан бастап бүкіл аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде саяси науқан өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің – 25 пайызы, 2024 жылы - 25, ал 2025  жылы барлық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайлау арқылы тағайындалады.

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанованың айтуынша, заңға енгізілген өзгерістер келесі жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауы қазіргі заң бойынша өткізіледі екен.     

"Сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді – бұл әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатқа рұқсат беру, аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтардың шекті мөлшерін белгілеу және басқа да өзгерістер", – деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу