2025 жылдан бастап елімізде медициналық анықтама электронды нұсқада беріледі

157

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жеке медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдан бастап елімізде медициналық анықтама электронды нұсқада беріледі Фото: canva.com

Денсаулық сақтау министрлігі бұл қазақстандықтардың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретінін және цифрлық форматқа көшіру денсаулық туралы анықтамалардың бұрмалануын жоятынын айтады.

Енді асхана мен дәмханалар, мейрамхана, балабақшалар мен мектеп қызметкерлері медициналық тексеруден өткені туралы жалған мәліметтер бере алмайды.

Бүгінде елімізде 1,6 миллион қазақстандықтың жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары бар, оның ішінде:

  • қоғамдық тамақтандыру саласында – 780 мың;
  • білім беру саласында – 550 мың;
  • денсаулық сақтау саласында – 272 мың;
  • жеке секторда – 52 мың.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу