2025 жылдан бастап медициналық кітапша онлайн-форматта беріледі

347

Келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары (ЖМК) толығымен онлайн-форматқа көшеді.  

2025 жылдан бастап медициналық кітапша онлайн-форматта беріледі Фото: egov.kz

ЖМК электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы мөртабан алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды.

Жеке медициналық кітапшаны (ЖМК) беруді автоматтандыру процесі соңғы кезеңде. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде "Е-Денсаулық" сервисі "Жеке медициналық кітапша" модулінің деректерін қабылдауды бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу