Таксистерді келер жылы қандай талап күтіп тұрғаны белгілі болды

442

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.  

Таксистерді келер жылы қандай талап күтіп тұрғаны белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда заңсыз автотасымалдаушылармен күрес қарқынды жүргізіліп жатыр. Келесі жылдан бастап жеке агрегаторлар жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген тұлғаларға ғана тапсырыс беретін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге, автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге, сол жақтан басқарылатын автокөліктерді пайдалануға, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады. Көрсетілген талап орындалмаған жағдайда интернет агрегаторлардың иелері жеке тасымалдаушыға тапсырыс бермеуге міндетті",  деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Сұлтанбаев.

Сондай-ақ, ведомство өкілі Көлік министрлігімен бірлесіп осындай тасымал түрін жүзеге асыру үшін өз бағдарламаларын ұсынатын компаниялармен меморандумдар жасалғанын атап өтті.

Меморандум аясында жүргізушілер еңбек және демалыс режимін сақтауына, медициналық тексеруден өтуіне, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтілетін болады. Интернет агрегаторлар осы кезде қосымшалардың жұмысын пысықтап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу