2025 жылдан кейін Астанада көмір жағуға тыйым салынуы мүмкін

843

Астанадағы жер үйлерде 2025 жылдан бастап көмір жағуға тыйым салу керек. Бұл ұсынысты елорда халқымен кездесуінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

2025 жылдан кейін Астанада көмір жағуға тыйым салынуы мүмкін Фото: time.kz

Елордалықтармен кездесу барысында экобелсенділер қыста жер үйдегі пештен шығатын түтін қала ауасын ластайтынын айтып, осы мәселенің біржола шешілу жолдарын сұрады.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов бұл мәселе қалаға толығымен газ тартылған кезде шешілуі керектігін атап өтті. Аталған шаруа 2025 жылға дейін аяқталады деген есеп бар екенін айтқан комитет басшысы, осы кезеңнен кейін тұрғындарға қатты отын жағуға тыйым салу көзделіп отырғанын да жеткізді. Бұл мәліметті министр де қостады.

"2025 жылға дейін осы қала толығымен газдандырылса игі. Яғни, осы аймаққа газ келіп тұр ма, тек газ пайдалану керек деген ұсынысымыз бар. Көмірге тыйым салып, оны кәдімгідей нақты "пайдалануға болмайды" деген ұсынысты пысықтап жатырмыз. Әрі қарай көреміз енді. Бірінші газдандыру шаруасын бітіріп алайық, одан кейін әрі қарай нақты бір шаралар қолданармыз", – деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу