2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерді қаржыландыру екі есеге ұлғаяды

141

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі едәуір артатын болады. 

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерді қаржыландыру екі есеге ұлғаяды Фото: PED.kz

ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және кәсіби мамандар даярлау бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі уақытта бір студентті оқытуға бөлінетін қаражат орташа есеппен 437 мың теңге болса, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бұл көрсеткіш 912 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл норматив нақты нәтижелерге жеткен колледждер үшін қолданылады.

"Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау және педагогтердің біліктілігін арттыру – біздің басты басымдығымыз," – деді Ғани Бейсембаев.

Дуальды оқыту жүйесін дамыту

Бизнес құрылымдар мен инвесторларды тарту арқылы мамандарды кәсіпорындардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес даярлау.

Кәсіпорындармен серіктестік

Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын колледждерге шефтік көмек көрсетуде. Бұл санды 4 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Білім беру бағдарламалары

WorldSkills және басқа да стандарттарға негізделген 8 мыңға жуық жаңа білім беру бағдарламасы әзірленген. Биыл олардың қатарына қосымша 2 мың бағдарлама қосылады.

Педагогтердің біліктілігін арттыру

Өндірістік базада 1,5 мың педагогтің тағылымдамадан өтуі жоспарланған.

Бұл қадамдар Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және еңбек нарығының талаптарына сай білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу