Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік өңірлері циклонның әсерінде болады.
Республиканың басым бөлігіне Скандинавия циклоны әсер етіп, салдарынан ауа-райының тұрақсыз сипаты болады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында бұрқасын болып, қар жауады.
31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
1-2 қаңтарда батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты екпінді жел, жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ болады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: батыста түнде 0-5 градус, күндіз 3-10 градус, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7-2 градусқа дейін, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.