2025 жылға дейін 100 заманауи қосымша білім беру нысаны салынады

346

Бүгінде елімізде 1713 қосымша білім беру ұйымы, 380 түрлі үйірме жұмыс істейді. 

2025 жылға дейін 100 заманауи қосымша білім беру нысаны салынады Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. 2025 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 50 балалар сауықтыру орталығын ашу және кемінде 100 заманауи нысан салу көзделген. Бұл туралы қосымша білім беру саласындағы республикалық семинарда Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Балалардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету - мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті. Өңірлерде оқушылар мен олардың ата-аналарының қажеттіліктеріне бағытталған тәрбие беру жүйелері табысты жұмыс істеуде. Қосымша білім беру - балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Осы бойынша инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру қажет",- деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі.

Семинарда қатысушылар тәжірибе алмасып, өңірлердегі қосымша білім беру ұйымдарының үздік тәжірибелерімен танысты. Ұсынылған жобалар мен бағдарламалар қатысушыларға балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 1713 қосымша білім беру ұйымы, 380 түрлі үйірме жұмыс істейді. Оқушыларды қамту деңгейі 81,6% құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу