2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады

923

Биыл мамыр айында біз көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтер беру басталады.

2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады

Бүгінгі үкімет отырысында ҚР ИИДМ басшысы мемлекет басшысының "Нұр Отанның" съезінде берген тапсырмаларын орындау үшін қандай шаралар әзірлеген айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, 340 мың көпбалалы отбасы бар. Қазіргі уақытта оның ішіндегі 28 мың отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз 7 жылдың ішінде жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтердің құрылысын жүргіземіз. 2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынатын болады. Бүгінгі күні кезекте тұрған аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылардың мәселесі толық шешілетін болады. Биыл мамыр айында біз көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтерлерді беруді бастаймыз", – деп атап өтті Роман Скляр.

Кірісі бір минималды жалақыдан төмен (42500 теңге) аз қамтылған отбасыларға ТҚЖБ арқылы 20 жылға жылдық ставкасы 2%-ды құрайтын жеңілдетілген несие енгізілуде.

"Несиенің бұл түрін төрт немесе одан да көпбаласы бар отбасылар, мүгедек баласы бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар ала алады. 2 жылда біз көрсетілген санаттағылар үшін 22 500 жеңілдетілген займдар беруді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін 3 жылдың ішінде жыл сайын республикалық бюджеттен 50 млрд. теңгеден бөлінетін болады", – деді министрлік басшысы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстық және жергілікті жолдарды жақсартуға қосымша қаржы бөлінеді.

"Қазір жергілікті желілердегі жолдарға республикалық және жергілікті бюджеттен паритетті негізде 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінуде. Бөлінетін қосымша қаражат есебінен қаржыландыру көлемі 200 млрд теңгені құрайды. Бұл қаржы 5 мың шақырымнан астам жолды жөндеуге мүмкіндік береді. Жолдарды жөндеу бойынша жобалар тізбесі жасалды. Мұндағы негізгі күш ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған. Аталған шаралар 2025 жылдың соңына қарай жергілікті желідегі жолдардың 95 процентін жақсартуға мүмкіндік береді", – деді Роман Скляр.

Бұдан бөлек, министрлік әкімдіктермен бірлесіп сумен жабдықтау және су тарту салаларында жобалар тізбесін жасады. Жыл сайын, сумен жабдықтау және су тарту бойынша ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталатын қосымша 20 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінетін болады. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 2025-ші жылға қарай қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтау 100 процентке қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, ірі қалалардың маңайындағы проблемаларды шешу үшін  жыл сайын 30 млрд теңгеден 90 млрд теңгеге дейін қарастырылған. Ол қала маңындағы елдімекендердің инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу