2025 жылға дейін елімізде 6 инсульт орталығын ашу жоспарланып отыр

374

Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 79 инсульт орталығы бар.

2025 жылға дейін елімізде 6 инсульт орталығын ашу жоспарланып отыр Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері инсульт орталықтарында 30 мыңнан астам адам емделген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Парламенттік комиссия отырысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Елімізде 79 инсульт орталығы жұмыс істейді. Биылғы 8 айда осы орталықтарда 30 мыңнан астам адам емделді. Бұл 2022 жылдың мәнінен 7%-ға артық. Жіті коронарлық синдром мен миокардтың инфаркты кезінде медициналық көмекті 44 коронарлық араласу орталығы көрсетеді. Биыл коронарлық орталықтарда 26 мыңнан астам пациент емделді, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнің мәнінен 53%-ға жоғары", - деп атап өтті министр.

Ажар Ғиният 2025 жылға дейін 6 инсульт орталығын және 4 коронарлық араласу орталығын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

"2022 жылы жүрек-қан тамырлары ауруларынан, қатерлі ісіктен, қант диабетінен, созылмалы респираторлық аурулардан болатын өлім 2021 жылмен салыстырғанда 6%-ға төмендеді", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу