Халықаралық биатлоншылар федерациясының президенті Қазақстанның жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жақсы дайындалғанын атап өтті. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жексенбіде Щучинск қаласында өткен жарысты тамашалады.
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты қабылдады. Мәдениет және спорт министрі Президентке министрліктің мәдениет, спорт және туризм индустриясын дамытуға бағытталған бастамалары туралы мәлімдеді.
Асхат Оралов мәдениет және спорт саласының көрнекті өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті.
- 2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанда 17 маңызды тарих және мәдениет ескерткіші қалпына келтірілді.
- Қазақтың киіз үйі Германиядағы ірі халықаралық туристік көрмеде көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
- Министр Асхат Оралов пен кәсіпкер Тимур Турлов 3000 баланы қамтитын футболдан жасөспірімдер лигасын құру мәселесін талқылады.
- Биыл Алматы облысында олимпиадаға даярлаудың республикалық базасын пайдалануға беру жоспарланып отыр, онда бір мезгілде 23 спорт түрінен 2000-нан астам спортшы жаттыға алады.
- Биылдан бастап балаларға Қазақстан бойынша тегін ұшуға мүмкіндік беретін Kids go Free бағдарламасына қатысу үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді.
- Министрлік азаматтарға тур құнының 20% - на дейін қайтаруға мүмкіндік беретін туристік кэшбек енгізуді жоспарлап отыр.
- 2029 жылға дейін еліміздегі театрларда қазақстандық авторлардың қойылымдарының санын жылына 600-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.
- Министрлік 7 республикалық мәдениет ұйымына "Ұлттық" мәртебе беру туралы мәселені қарастырып жатыр, бұл олардың қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу