2025 жылға дейін Қазақстандағы барлық қала мен елдімекен ауыз сумен қамтылады

447

1395 елдімекенде модульдің кешенді блогы қарастырылып жатыр. 

2025 жылға дейін Қазақстандағы барлық қала мен елдімекен ауыз сумен қамтылады Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2025 жылға дейін барлық қала мен елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте 1395 елдімекенде модульдің кешенді блогы қарастырылып жатыр. Бұл – халық саны 200 адамнан аз елдімекендер. Тұрғындар саны одан көп елдімекендер орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтылады. Бұл 432 бірлік",  - деді ведомство өкілі.

Ббұдан бөлек оның айтуынша, суды үнемдеу және оны есепке алу мақсатында есепке алу құрылғыларын міндетті түрде орнату мәселесі де қарастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу