2025 жылға дейін "көлеңкелі" экономика үлесін 40%-ға төмендету жоспарланған

757

Бүгінгі күні 476 мың адам декларация тапсырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

2025 жылға дейін "көлеңкелі" экономика үлесін 40%-ға төмендету жоспарланған

"Көлеңкелі" экономиканың үлесін 2025 жылға дейін 40%-ға төмендету үшін Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп арнайы іс-шаралар жоспарын өзектендіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Ұлт жоспарының 42-қадамын орындау үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізілді. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу көлеңкелі айналымды, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді және мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етеді. Халықаралық мәліметтерді электронды түрде алмасу аясында біз көпжақты конвенцияға қол қойдық. ҚР азаматтарының қаржылық шоттары бойынша 100-ден астам юрисдикцияда ақпарат алмасуды бастауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні декларацияны 476 мың адам немесе жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің 99%-ы ұсынды. Өтініш берудің ең танымал тәсілі e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы болып отыр. Оның көмегімен декларацияның 52%-ы ұсынылды", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу