2025 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 8 орталық салынады

790

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таныстырған "Салауатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

 2025 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 8 орталық салынады

"Ұлттық жоба аясында жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау үшін бірнеше шара қарастырылған. Біріншіден, жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі бақылаумен қамту көзделген. Екіншіден, 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтамасыз ету қарастырылған", – деді ведомство басшысы. 

Жоба аясында 8 өңірде балаларды оңалту орталығы ашылады. 

"Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды 3 есе – 18%-дан 60%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Халыққа сапалы қызмет көрсету көбінесе біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты. Сондықтан ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында аса тапшы мамандықтар бойынша резидентуралық білім беру гранттарының саны 3800-ге дейін жеткізіледі", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу