2025 жылға дейін мұнайдан дайын өнім алатын 5 зауыт салынады

1402

Жобалар Шымкент қаласы мен Атырау,  Батыс Қазақстан облыстарында іске асады.

2025 жылға дейін мұнайдан дайын өнім алатын 5 зауыт салынады

Сенаттың үкімет сағатында депутаттар Қазақстанның көмірсутек шикізатына тәуелділіктен арыла алмай отырғанын еке салып, Президенттің тапсырмасы неге баяу орындалып жатыр деген сауал көтерді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұл сұрақтарға Энергетика министрінің бірінші орынбсары Мұрат Жөребеков жауап берді.

"Жаңа құрылған стратегиялық реформалар агенттігімен бірге мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырмақшымыз. Бұл жоба бізге әкімшіліктермен, өңірлермен мұнай-газ химиясын дамыту тетіктерін үйлесімді іске асыруға мүмкіндік береді. Аталған шаралардың арқасында Атырау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында 2025 жылға дейін 5 жаңа зауыт салуға мүмкіндік болады. Олар: Атырау облысындағы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт, Атырау облысындағы құрғақ сығылған ауа-техникалық газ өндіру зауыты, Шымкент қаласындағы полипропилен және қуаты 57 мың тонна бензинге арналған октан қоспасын шығаратын зауыт, Атырау облысындағы полиэтилентерефталат өндіру зауыты және Орал қаласындағы 130 мың тонна метанол өндіру зауыты", – деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу