2025 жылға дейін нормативтік жағдайдағы республикалық жолдар үлесі 100%-ға жеткізілмек

491

​2025 жылға дейін елдегі нормативтік жағдайдағы жолдар үлесін 100%-ға жеткізу көзделген.

2025 жылға дейін нормативтік жағдайдағы республикалық жолдар үлесі 100%-ға жеткізілмек

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Президент тапсырмасымен "Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері" Ұлттық жобасы әзірленіп бекітілді, онда 2025 жылға дейін республикалық желі бойынша нормативтік жағдайдағы жолдар үлесін 100%-ға, жергілікті желіні 95%-ға дейін жеткізу көзделген. Қазіргі уақытта автожолдардың жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар 25 мың шақырым және жергілікті маңызы бар 71 мың шақырым жол бар", - деп жазылған Р. Склярдың депутат сауалына жауабында.

Вице-премьердің айтуынша, 3 мың шақырымға жуық автожол қайта жаңартылды. Облыс орталықтары (Қарағанды-Алматы, Жезқазған-Қарағанды, Атырау-Орал, Ақтөбе-Қызылорда) арасында 4 жолақты автожолдар құрылысы жалғасып жатыр.

Ең қарқынды учаскелерде 49 айналма жол (Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Павлодар), сондай-ақ 33 көп деңгейлі жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысы аяқталды.

Тағы 21 айналма жолдың (Қарағанды-Балқаш-Алматы, Талдықорған-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай, Мерке-Бурылбайтал учаскелері) құрылысы жүріп жатыр.

Бұған дейін Роман Скляр мәлім еткен елдегі жол-көлік апаты туралы статистикалық деректер жарияланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу