2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары елбасының қарауына жіберілді

983

2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары елбасының қарауына жіберілді

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында үкімет мүшелері бірауыздан Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын қолдап, мемлекет басшысының қарауына жіберді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, стратегиялық жоспардың басты мақсаты — 2025 жылға дейін сапалы әрі табысты экономика өсімін қамтамасыз ету, ЭЫДҰ-ға мүше елдермен салыстыруға келетін өмір сүру деңгейіне жету. Жобаға сәйкес, жылына кем дегенде 4,5-5% деңгейінде экономика өсіміне қол жеткізу жоспарланып отыр, бұл Қазақстанға жан басына шаққандағы ЖІӨ өсім деңгейін 2025 жылға қарай 46 100 $ (СҚТ бойынша) дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, құжат жобасы түрлі деңгейде талқылаудың төрт кезеңінен өтті, соның ішінде халықаралық ұйымдардың сараптамалық бағалауы да бар. Соңғы талқылау отандық сарапшылардың қатысуымен кеше өткізілді.

Осыған орай, жұртшылыққа дұрыс әрі түсінікті тілмен аталған стратегиялық құжаттың мәнін түсіндіру қажет. Бақытжан Сағынтаев ұлттық экономика министрлігіне ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті жұмысты қолға алуды тапсырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу