2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары таныстырылды

3395

2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары таныстырылды

Қазақстанда экономикалық өсімнің жаңа моделі қалыптасады. Бүгін үкіметтің селекторлық отырысында 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды таныстырған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ел дамуының негізгі 3 драйверін атады. Бірінші - технологиялық экономика. Онда агроөнеркәсіп, тау-кен металлургия, мұнай-газ, отын-энергетикасы сынды салаларды толық жаңарту, сандық жүйеге қосылу қарастырылған. Екінші - экспортқа негізделген өндірісті арттыру. Үшінші - индустрияландырудың жаңа тетігін енгізу. Мұнда агроғарыштық, инжиниринг, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және медициналық туризмді алға шығару көзделіпті. "Қазақстан-2050" стратегиясында сондай-ақ рухани жаңғыру жолына да үлкен мән берілген. Құжат министрлер кабинеті тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Тимур Сүлейменов, ҚР ұлттық экономика министрі:

"Стратегиялық жоспар Қазақстанның 2025жылға дейінгі кешенді даму мақсатын айқындайды. Мұндағы әлемнің 30 дамыған елдер лигасына кіру жолында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде сияқты халықтың өмір сапасын жақсарту және экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу басты назарға алынған. Олар технологиялық, экспортқа бағдарланған экономиканы қалыптастыру болып отыр. Сөйтіп, өсудің 3 драйвері анықталды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу