2025 жылға қарай балабақшаларға 15 мыңнан аса тәрбиеші қажет болады – министр

399

Қазақстандағы 234 колледжде педагог мамандары даярланады, оның ішінде 31-і – педагогикалық колледж. 

2025 жылға қарай балабақшаларға 15 мыңнан аса тәрбиеші қажет болады – министр Фото: sadik.ru

Биыл педагогикалық мамандықтар бойынша 20 мыңға жуық түлек оқуды бітірді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Демографиялық ахуалға байланысты 2025 жылға қарай балабақшаларға 15 мыңнан астам тәрбиеші, мектептерге 14 мыңнан аса бастауыш сынып мұғалімдері қажет болады. Осыны ескере отырып, педагог кадрларын даярлауға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғайтылып келеді",  -деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, академиялық ұтқырлық, мамандық бойынша лицензиялау, педагог кадрларды даярлауда қашықтан оқытуды шектеу мәселесі заңнамалық тұрғыда бекітіліп жатыр.

Бүгінде колледждерде мектепке дейінгі ұйымдарға қажет 13 мың тәрбиеші, 15 мыңнан астам бастауыш сынып мұғалімі даярлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу