"2025 жылға қарай елде газ тапшылығы болуы мүмкін"

707

Бағаны тежеу саясаты газ саласын дамытуға кері әсер етіп отыр.

"2025 жылға қарай елде газ тапшылығы болуы мүмкін"

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22-ші және ТМД елдері арасында Ресей мен Түркіменстаннан кейінгі үшінші орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Газдың рөлі әлемдік экономикада да, отандық экономикада да артып келеді. Қазір кеңінен қолданылып жатыр. Ел ішінде газ тұтыну да тұрақты өсуде – 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін тұтыну 4,8 млрд текше метрге 13,8-ден 18,6 млрд текше метрге дейін өсті. Газ тұтыну өсімі жыл сайын шамамен 35% немесе орта есеппен 7%-ды құрады", деді ол.

Сонымен қатар газ саласын дамытудың негізгі тежеуші факторы бағаны тежеу саясаты болып табылады, осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік болуы мүмкін, деп мәлімдеді министр.

"Таяу болашақта тауарлық газдың негізгі өндірушілері Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз-Шевройл болып қалады, оларға тауарлық газ ресурстарының жалпы көлемінің 64%-ы тиесілі болады", – деп түйіндеді ол.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу