2025 жылға қарай отандық әуе компанияларда 145 жеке ұшақ болады. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әуе қатынасына қатысты сұрақтар қоғамда жиі талқыланатын мәселе. Билеттер қымбат, ол рас. Қазірі таңда жаңа лоукостермен халықаралық компанияның отандық нарыққа шығу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бәсекелестік пайда болса, сәйкесінше билет құны да төмендейді. Сонымен қатар азаматтардың әл-ауқаты да өсіп келеді. Бұл әуе тасымалдарға деген сұраныстың жыл ішінде 27пайызға өсуімен түсіндіріледі. Аталған сұранысты қанағаттандыру үшін біз жаңа ұшақтарды сатып ала бастадық. Биыл тағы 11 ұшақ сатып аламыз, содан кейін Қазақстанда 100 ұшақ болады. Ал 2025 жылға қарай отандықжолаушылар авиакомпанияларының 145 жекеборты болады деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жаңа авиамаршруттарды іске қосу жоспарымызда бар", – деді Марат Қарабаев.