2025 жылғы Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

616

Құрбан айт 6 маусымда басталады. 

2025 жылғы Құрбан айт намазының кестесі жарияланды Фото: Курсив

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!" – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан заңы бойынша қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні демалыс беріледі.

Құрбан айттың бірінші күні, яғни 6 маусым жұмаға түсіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым – демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні, 8 маусым – демалыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу