2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары жарияланды

202

4 номинацияда The New York Times газеті жеңімпаз атанды.

2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары жарияланды Фото: 24 канал

Колумбия университеті 2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттарын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

The New Yorker журналы 3 марапатқа ие болды. Сондай-ақ, The Washington Post, Reuters және The Wall Street Journal сияқты жетекші БАҚ сыйлыққа ие болды.

"Қоғамға қызмет" номинациясында журналистік зерттеумен айналысатын ProPublica ұйымы марапатталды.

Журналистер түсікке қарсы қатаң заңдар қолданылатын штаттарда дәрігерлердің жедел көмекті кешіктіруі салдарынан қайтыс болған жүкті әйелдер туралы жазған.

The New York Times газеті АҚШ-тың Ауғанстандағы сәтсіздігі неден басталғанын саралағаны үшін марапатталды. Сондай-ақ, басылым фотографы Дональд Трампқа жасалған қастандық әрекетінен кейінгі фотосуреттер сериясы үшін үздік атанды.

The New Yorker журналы Газа секторындағы физикалық және эмоциялық күйреу жайлы эссесі үшін марапатқа ие болды.

2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары:

  • Қоғамға қызмет – ProPublica
  • Жедел хабар тарату – The Washington Post
  • Журналистік зерттеу – Reuters
  • Түсіндірмелі материал – The New York Times
  • Жергілікті репортаж – The New York Times
  • Ұлттық репортаж – The Wall Street Journal
  • Халықаралық репортаж – The New York Times
  • Фоторепортаж (жедел жаңалықтар) – The New York Times
  • Комментарий – The New Yorker

Лауреаттардың толық тізімімін мына жерден оқуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу