2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы белгілі болды

1038

Бұл туралы Әзірбайжанның Шуша қаласында өтіп жатқан жиында айтылды.

2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы белгілі болды Фото: aqorda.kz

Әзірбайжанның Шуша қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері бас қосқан жиында 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып Ақтау қаласы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай жаңалықпен Қазақстанның халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар әлеуметтік желіде бөлісті.

"Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Бұл үлкен жетістік. Себебі жыл бойы түбі бір түркі елдері Каспийдің жағасында бас қосып, түрлі шаралар өткізеді. Аймақтың туристік әлеуеті артады. Бұған дейін түркі әлемінің мәдени астанасы Астана мен Түркістан қалалары болған еді", – деп жазды ол. 

Айта кетейік, Түркі әлемінің осы жылғы мәдени астанасы Әзірбайжанның Шуша шаһары болса, келер жылы Түрікменстанның Анев қаласы болып жарияланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу