"2025 жылы 11,7 млн адам газбен қамтылады"

583

Қазіргі кезде 9,5 млн адам көгілдір отын игілігін көріп отыр. 

"2025 жылы 11,7 млн адам газбен қамтылады"

Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осылай деп мәлімдеді. Қазірдің өзінде көгілдір отынмен қамтылғандар саны халықтың 51%-ын құраса, жыл соңына дейін көрсеткіш 53%-ға жеткізілмек. 

"2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша елді газдандыру деңгейі 51,47%-ды құрады немесе 9,5 млн адам көгілдір отынға қол жеткізген. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 53%-ға немесе 9,8 млн адамға жеткізу күтілуде. Бұл 2015 жылғы деңгейден 10%-ға артық", – деді министр. 

2020 жылдың 1 қарашасындағы көрсеткіш бойынша елдің газдандырылуы 90%-дан асатын өңірлердің көшін Атырау облысы бастаған. Мұнда оның деңгейі 99,6% болса, Маңғыстау облысында 99%, Алматы қаласында 98%, Батыс Қазақстан обылысында 96,2%, Шымкенттте 92,1% және Ақтөбеде 90,1%-ды құрады. 
Жалпы еліміздегі 6162 елдімекеннің 1468-і немесе жалпы ауылдар санының 24%-ы газдандырылған. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда 1334 шақырым магистральді газ құбырлары тартылған. 

"2015-2020 жылдар аралығындағы кезеңде республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер бөлінді. Оның 76 млрд теңгесі соңғы екі жылда бағытталған", – деді министр. 

Ал сөз соңында ол 2025 жылы газдандыру деңгейі 2120 елді мекенді немесе 11,7 млн тұрғынды қосумен 60%-ға жетеді деп түйіндеді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу